Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

200-ден астам бұқтырылған ет өнімдерін қолды қылған екі атыраулық анықталды

200-ден астам бұқтырылған ет өнімдерін қолды қылған екі атыраулық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда екі ер адам дүкенге 380 мың тенгеге жуық залал келтірген. Олар күніне 15-20 дана “Кублей” бұқтырылған ет консерві өнімдерін жымқырып, барлығы 200-ден астам бұқтырылған ет ұрлап кеткен. Қылмыстық әрекет дүкен иесінің тауарларды санап, жеткіліксіз екендігіне көз жеткізген кезінде бір-ақ әшкереленген. Белгісіз екеудің консервілерді қолдарындағы сөмкеге жасырып шыққан әрекеттері бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Полиция қызметкерлері қылмысқа күдікті екі адамды анықтады. Олардың бірі 31 жастағы ер адам бұрында ұсақ-түйек қылмыс жасағаны үшін сотты болған көрінеді. Екіншісі 26 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта қылмысқа күдікті 31 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер жасырынып жүрген екінші ер адамды ұстау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру