Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде әкесі өзінің 1 жасар баласын көлікпен қағып кетті

Ақтөбеде әкесі өзінің бір жасар баласын көлікпен қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 7 тамыз күні бау-бақша ұжымындағы өз үйінің ауласында 48 жастағы Opel Astra автокөлігінің жүргізушісі артқа жүремін деп, бір жастағы баласын қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала басынан ауыр жарақат алды, содан кейін шұғыл түрде облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды.Ақтөбе облысының Полиция департаменті жолдарда және аулаларда қырағы болуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру