Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

32 жас полицей Қостанай облысы ПД қатарын толықтырды

32 жас полицей Қостанай облысы ПД қатарын толықтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының алғашқы кәсіби дайындық курсының курсанттары Қостанай облысының полиция қызметіне келді.

Ведомство бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев жас қызметкерлермен кездесіп, ішкі істер органдарының алдында тұрған бірінші кезектегі міндеттерге назар аударды.

– Сіздер жергілікті полиция қызметі мен әкімшілік полиция бөлімшелерінде жұмыс істейсіздер. Басты бағыт – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен «Полиция қадамдық қолжетімділік» қағидатын іске асыру шеңберінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету», – деп атап өтті Ардақ Ынтықбаев.

Жас полицейлерге полиция бөлімдерінде тәлімгерлер бекітілген. Тәжірибелі қызметкерлер өз білімдері мен тәжірибелерін ғана емес, өмірлік кеңестерімен де бөліседі.
Халықпен жұмыс істеуге, ақпаратты талдауға және қызметте қажетті басқа да дағдыларға үйренуге дайын Марат Оразов өз тағдырын полициямен байланыстыруға шешім қабылдады.

–  Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалын бітіргеннен кейін арнайы жедел әрекет ету жасағына баруды жоспарлап отырмын. Бала кезімнен полицияда жұмыс істегім келді, әкемнің іжолын қудым, ол ІІМ зейнеткері. Мен полиция әулетіненмін. Үлкен әпкем Қостанай қаласының полиция басқармасында тергеуші болып жұмыс істейді, – дейді 21 жастағы Марат Оразов.

Түлектерді қызметке тағайындалуымен құттықтаған облыстық ПД ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Өмірбаев сөз сөйледі.

– Сендердің полицияда абыроймен қызмет атқарып, қызметтік парызыңызды лайықты атқаратындықтарыңа сенімдімін, – деді ІІМ ардагері А.Өмірбаев.

Кездесуді қорытындылай келе, Ардақ Ынтықбаев біртұтас тетік ретінде үйлесімді және адал жұмыс істеу арқылы ғана қызметте жақсы нәтижелерге қол жеткізуге, ең бастысы, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болатындығын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру