Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сенбілікке шыққан ПБ

Жаңаөзендік полицейлер сенбілікке бір кісідей ат салысып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін шара. Сенбі күні Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының ұжымы жаппай сенбілікке шықты.

Ауа райының шаңды қолайсыздығына қарамастан тәртіп сақшылары басқарманың ішкі санитарлық жағдайын арттырумен қатар, мекемеге қарасты сыртқы аулаларды түгелдей тазартып шықты. «Рауан» шағын ауданындағы көпқабатты қызметтік екі үйдің алды тазартылып, абаттандырылды.

-Сенбілік-тазалық кепілі. Осындай тазалық жұмыстарын жүргізу Жаңаөзен қалалық полицейлердің назарынан тыс қалған емес. Жыл сайын ұжым болып сенбілікке ат салысып тұрамыз,-деді Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының басшысы Айдар Қасанов.


Шынымен де, көрікті қаламыздың келбеті тек сәнді де сәулетті ғимараттармен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейтіні белгілі. Күн сайын көркейіп келе жатқан қаланың ажары оның тазалығына да тікелей байланысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру