Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

5 адамға сан соқтырған алаяқ қолға түсті

Қызылордада 5 адамды 2,5 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылы Қызылорда қалалық Полиция басқармасына облыс орталығының бес тұрғыны алаяқтық деректері бойынша арыз жазып, өз қаражаттарын қайтаруға көмек сұрады.

Тексеру барысында бір әйелдің өткен жылдың басында өзін Құрылыс басқармасының қызметкері ретінде таныстыра отырып, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға көмектесетінін алға тартып, олардан жалпы сомасы 2 500 000 теңге көлеміндегі ақша қаражатын алғаны анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығының 1991 жылы туған, бұрын сотты болған тұрғынын анықтап, ұстады. Алаяқ өз әрекеттерін мойындады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру