Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші тағы да мас күйде рульге отырды

Павлодар облысында сегіз жылға көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші тағы да рульге мас күйінде отырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған, сондай-ақ жүргізуші куәлігінен айырылған, бірақ көлікті басқаруды жалғастыратын адамдарды анықтауды полиция қызметкерлері тұрақты негізде жүргізеді.

– Тереңкөл ауданының полицейлері патрульдеу кезінде 27 жастағы жүргізушінің басқаруындағы “ВАЗ-21114” автокөлігін тоқтатты. Жүргізушіден алкогольдің иісі шықты, медициналық куәлік полицейдің болжамын растады. Одан әрі тексеру барысында жүргізуші сот шешімі бойынша екі ай бұрын көлік құралын басқару құқығынан сегіз жылға айырылғаны анықталды, алайда осыған қарамастан ол тағы да мас күйінде рульге отырды. Енді жүргізушіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, – деп түсіндірді Тереңкөл аудандық полиция бөлімінің бастығы Арман Кәрімов.

Айта кету керек, жыл басынан бері облыс бойынша полиция қызметкерлері көлікті мас күйінде басқарған 852 жүргізушіні ұстады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтардан алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік жүргізбеуді сұрайды және Сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру