Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

98 мыңнан астам құқық бұзушы заң алдында жауап берді

Павлодар облысының полицейлері күн сайын нөлдік төзімділік қағидатын іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері 98 409 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 900-ден астамы ұсақ бұзақылық фактілері, 6 080 ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу фактілері, 2 283-і тыныштықты бұзу фактілері.

– Ювеналды полиция желісі бойынша кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болуына байланысты 2 148 құқық бұзушылық анықталды.

Көші-қон қызметі 474 әкімшілік бұзушылықты, 205 шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғанын, шетелдік жұмыс күшін тартудың 13 фактісін анықтады, – деп атап өтті департамент бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру