Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Түнгі қаладағы балалар” кең ауқымды акциясы өткізілді

Облыстың ПД ЖПҚБ “Қарағанды облысының білім басқармасы” ММ-мен бірлесіп мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылық пен бұқаралық құралдардың өкілдерін қатыстыра отырып, 25 қыркүйекте облыс аумағында “Түнгі қаладағы балалар” кең ауқымды акциясы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы іс-шараның негізгі мақсаты – қараусыз қалған, тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларды, кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзуда балалар еңбегінің ең нашар түрлерін пайдалану фактілерін анықтау, орта жастағы және оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар тарапынан қайыр сұрау фактілерін белгілеу мақсатында адамдардың жанданған орындарында (базарлар, сауда объектілері, вокзалдар және т.б.) рейдтер өткізуге ерекше назар аударылды. Саяжайлар мен саяжай шаруашылықтарын, үйлердің жертөлелерін, ойын-сауық орындарын, компьютерлік салондарды, автожанармай құю станцияларын тексерумен қамтылды.

Акцияны өткізу барысында 1 160 рейдтік іс-шара жүзеге асырылды, саяжайлар мен саяжай шаруашылықтарын тексеру көлемі – 44, егістіктер, фермерлердің шаруашылықтары – 22, қолайсыз отбасылар – 210. Жертөле үй – 281, көлік жуу және жанармай бекеті – 160, теміржол және автобус вокзалдары – 27. Ойын сауық мекемелері – 211, компьютерлік салондар – 37 және шағын аудандар – 168.

Акцияны өткізу кезеңінде 78 әкімшілік материалдарды құқық бұзушыларға қатысты, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 200-бабы (Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу) бойынша – бес, ҚР ӘҚБтК 423-1-бабы (Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату)  бойынша – бір, ҚР ӘҚБтК 442-1-бабы (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы) – тоғыз, ҚР ӘҚБтК 127-бабы (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөнiндегi, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) – 15. ҚР ӘҚБтК 442-2-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) – 40, ҚР ӘҚБтК 435-бабы (Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) – сегіз дерек тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру