Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

9 бас қойды ұрлаған үш адамды түркістандық полицейлер қолға түсірді

Түркістан облысының полицейлері үш бас қойды ұрлаған үш күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі малдарының жоғалғаны туралы арызданған. Жәбірленуші ер адам түнде мал қорасына белгісіз біреулер кіріп, құны 70 мың теңге тұратын тоғыз бас қойын ұрлап кеткенін көрсеткен. Аталған мекенжайға ұрлық қылмысын ашу мақсатында жедел-тергеу тобының қызметкерлері шықты. Тәртіп сақшылары қылмыс орнын тексеріп, аулаларды аралап, куәлардан жауап алды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлардың күшімен қысқа уақыт ішінде мал ұрлаған күдіктілер анықталды. Олар Сарыағаш ауданының үш тұрғыны болып шықты, олардың екеуі бұрын сотталған. Күдікті ер азаматтардан ұрлаған тоғыз қой тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта аталған жайтқа қатысты ҚК 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.

Осыған байланысты Түркістан облысының полицейлері мал иелеріне қырағылық танытуға және әсіресе түнгі уақытта мүліктің сақталуына шаралар қолдануға кеңес береді. Үй малын таңбалау және сырғалау мал ұрлығына да кедергі болуы мүмкін. Егер де, малыңыз жоғалған жағдайда өз бетіңізше іздеуге уақыт жұмсамай, полицияға жүгінгеніңіз жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру