Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицей қазақша күрестен халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды

Қарағандылық полицей қазақша күрестен халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысының ПД кинологиялық орталығының кіші инспекторы Мұхит Қарғабай қазақ күресінен Түркістан қаласында өткен халықаралық турнирде бас жүлдені жеңіп алды.

22 жастағы Мұхит Қарғабай қазақша күресті Шет ауданы Босаға ауылында мектепте оқып жүргенде өз бетінше меңгере бастаған. 2014 жылы Қарағанды тау-кен колледжінде оқуға түскен ол бірден қазақ күресінің секциясына жазылып, жаттығуды бастап кеткен. Тәжірибелі жаттықтырушының мұқият бақылауымен ол күрестің қыр-сырын тез түсіне бастады. Бірер жылдан соң Қарғабай Қарағанды облысының құрама командасы сапында жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысты. Нәтиже – 3 орын. Одан кейінгі республикалық жарыстарда ересектер санатында Мұхит екінші және бірінші орындарды иеленді.

Оның спорттық мансабын десанттық-шабуылдаушы бригадада өткізген әскери қызметі біраз уақытқа үзді. Әскери борышты абыроймен өткерген жас палуан құқық қорғау органдарына қызметке кірді.

24-26 қарашада Түркістан қаласында өткен қазақ күресінен халықаралық турнир Мұхит Қарғабайдың кәсіби спорттық өрлеуінің кезекті баспалдағы болды.

– Жарысқа Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытайдан 18 команда қатысты. Бұл жарыс қиын және сонымен бірге қызықты болды – мен бұрын халықаралық деңгейде өнер көрсеткен емеспін. Ол турнирдің күміс жүлдегері атандым. Қазір қызмет етіп, жаттығамын. Спорт пен қызмет бірін-бірі толықтырады. Өйткені полицей кез келген уақытта азаматтарды қорғауға физикалық дайын болуы керек, – дейді М.Қарғабай.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру