Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Құқықтық тәртіп»: Ақтөбеде 20 қылмыс тіркелді

Ақтөбе облысының аумағында 5-11 желтоқсан аралығында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің бірінші күні облыс бойынша 20 қылмыс тіркелді, оның ішінде 11 қылмыс кезекші тәулікте ашылды. Сондай-ақ, бұрын жасалған 14 қылмыс ашылды.

Сонымен қатар, жедел алдын алу шарасы аясында тіркелмеген атыс қаруын алып жүрудің төрт фактісі, оқ-дәрілерді заңсыз сақтаудың бір фактісі және суық қаруды (атап айтқанда,  пышақ) алып жүрудің 23 фактісі анықталды.

«Мүлдем төзбеушілік» тәртібінде 254 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 30 отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекеттер, 97 ұсақ бұзақылық фактілері, 98 спирттік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде  болу фактілері.

Бұдан басқа, жол қозғалысы ережелерін бұзудың 363 фактісі, мас күйінде автокөлікті басқарудың 13 фактісі және қарсы бағыттағы жолға шығудың 14 фактісі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру