Сәтбаев тұрғыны жоғалған 15 жастағы қызын тапқан полицейлерге алғыс айтты
Сәтбаев қаласының тұрғыны жоғалған 15 жастағы қызын тапқан полицейлерге алғыс айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
24 қарашада Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 39 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Ол 15 жастағы қызының таңертең мектепке барғанын және қайтып келмегенін түсіндірді.
- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жасөспірімнің Абай ауданы Топар ауылындағы құрбысының үйінде болғаны анықталды. Полиция қызметкерлері дереу осы елді мекенге барып, жасөспірімді Сәтбаев қаласына жеткізіп, ата-анасына тапсырды, - деді Сәтбаев қаласының ПБ бастығының міндетін атқарушы Роллан Ілдебаев.
Сәтбаев қаласының ПБ-не қыздың анасы кәмелетке толмаған қызын іздестіру кезінде полиция қызметкерлеріне кәсібилігі, жеделдігі үшін алғысын білдіріп хат жазған.