Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаев тұрғыны жоғалған 15 жастағы қызын тапқан полицейлерге алғыс айтты

Сәтбаев қаласының тұрғыны жоғалған 15 жастағы қызын тапқан полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қарашада Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 39 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Ол 15 жастағы қызының таңертең мектепке барғанын және қайтып келмегенін түсіндірді.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жасөспірімнің Абай ауданы Топар ауылындағы құрбысының үйінде болғаны анықталды. Полиция қызметкерлері дереу осы елді мекенге барып, жасөспірімді Сәтбаев қаласына жеткізіп, ата-анасына тапсырды, – деді Сәтбаев қаласының ПБ бастығының міндетін атқарушы Роллан Ілдебаев.

Сәтбаев қаласының ПБ-не қыздың анасы кәмелетке толмаған қызын іздестіру кезінде полиция қызметкерлеріне кәсібилігі, жеделдігі үшін алғысын білдіріп хат жазған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру