Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында бірге тұратын әйелін балағаттаған мас тұрғын қамауға алынды

Павлодар облысында бірге тұратын әйелін балағаттаған мас тұрғын қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс ауылының 45 жастағы тұрғыны мас күйінде үйде жанжал шығарып, бірге тұратын әйелге балағат сөздер айтқан.

– Әйелі полицияға жүгінді. Учаскелік полиция инспекторы ауыл тұрғынына қатысты балағат сөздер айтқаны және тұрмыстық заттарды бүлдіргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады. Материал сотқа жіберілді, – деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов.

Сот қаулысымен ер адам екі тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ, құқық бұзушыға қатысты 30 тәулік мерзімге қорғау ұйғарымы шығарылды және алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салуды қамтитын мінез-құлыққа ерекше талаптар белгіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру