Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер ер адамнан 6 келі кептірілген марихуана тәркіледі

Жамбылдық полицейлер ер адамнан 6 келі кептірілген марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.“Дәрмек” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Мойынқұм ауданындағы “Иірім” кеніш алды аймағында жедел ақпаратты іске асыру кезінде Байзақ ауданының тұрғынын ұстады, жақын маңдағы аумақты тексеру кезінде жалпы салмағы 5 келі 900 грамм “кептірілген марихуана” табылып, тәркіленді.

– Ұсталған азамат кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру