Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде түзеу мекемесінде ашық есік күні ұйымдастырылды

Ақтөбеде түзеу мекемесінде ашық есік күні ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түзеу мекемесінде шағын және орта бизнесті дамыту үшін Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесінің департаменті жергілікті атқару орган өкілдері үшін КА-168/2 түзеу мекемесінің өндірістік аймағына “Ашық есік күні” іс-шарасын ұйымдастырды.

Мекемедегі өндірістік аймақтың жұмысымен танысқан өңірдегі жұмыспен қамту орталығы және облыстық кәсіпкерлер басқармасының басшылығы мен сектор меңгерушілері, сондай-ақ “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының және “Еңбек-Жайық” РМК өкілдері мекеме аумағындағы темір-бетон учаскесін, тігін, механикалық цех, ағаш өңдеу цехы, наубайхана және мекеменің басқа да жұмыс істеп тұрған нысандарын аралады.

– Сотталғандарды еңбекке араластыру – түзеу мекемелері міндеттерінің бірі. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты түзеу мекемесінің аумағында еңбекке қабілетті сотталғандардың 58,7 пайызы жұмыс істеп жүр. Жалпы, түзеу мекемесі аумағына шағын және орта бизнес субъектілерін көбірек тарту – өз кезегінде сотталғандарды жұмыспен қамтуда маңызды. Себебі жазасын өтеушілер жалақысын отбасына жібереді және сотпен тағайындалған талап-арыздарды өтейді, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Илюпов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру