Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті 2021 жылдың жұмысын қорытындылады
Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті 2021 жылдың жұмысын қорытындылады және алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінде отырыс өтті, онда 2021 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары шығарылды, ведомстволық бағынысты мекемелерді және өңірдің пробация қызметтерін жасақтау мәселелері қаралды, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды.
Аумақтық бөлімшелер қызметінің негізгі көрсеткіштері айтылды.
Сондай-ақ, кеңес барысында жекелеген бағыттар бойынша жұмыс нәтижелерінің төмендеуіне жол берген пробация қызметінің және мекеме басшылары тыңдалды. Жедел-қызметтік жұмысты жетілдіруге және ұйымдастыруда орын алған кемшіліктерді жоюға бағытталған шешімдер қабылданды.
Кеңес қорытындысы бойынша жұмысты жақсарту және қызметтің барлық бағыттары бойынша проблемалық мәселелерді шешу бойынша шешімдер кешені қабылданды. Сондай-ақ, түзеу мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды жеткізу арналарын жабу жөніндегі жұмысты жетілдіру үшін Ұлттық ұлан әскери қызметкерлерімен өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі шаралар қаралды.
Отырыс соңында ҚАЖ департаментінің басшылығы қатысушыларды Жаңа жылмен құттықтап, барлығына денсаулық және келер жылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге тілек білдірді.