Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті 2021 жылдың жұмысын қорытындылады

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті 2021 жылдың жұмысын қорытындылады және алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінде отырыс өтті, онда 2021 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары шығарылды, ведомстволық бағынысты мекемелерді және өңірдің пробация қызметтерін жасақтау мәселелері қаралды, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды.

Аумақтық бөлімшелер қызметінің негізгі көрсеткіштері айтылды.

Сондай-ақ, кеңес барысында жекелеген бағыттар бойынша жұмыс нәтижелерінің төмендеуіне жол берген пробация қызметінің және мекеме басшылары тыңдалды. Жедел-қызметтік жұмысты жетілдіруге және ұйымдастыруда орын алған кемшіліктерді жоюға бағытталған шешімдер қабылданды.

Кеңес қорытындысы бойынша жұмысты жақсарту және қызметтің барлық бағыттары бойынша проблемалық мәселелерді шешу бойынша шешімдер кешені қабылданды. Сондай-ақ, түзеу мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды жеткізу арналарын жабу жөніндегі жұмысты жетілдіру үшін Ұлттық ұлан әскери қызметкерлерімен өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі шаралар қаралды.

Отырыс соңында ҚАЖ департаментінің басшылығы қатысушыларды Жаңа жылмен құттықтап, барлығына денсаулық және келер жылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге тілек білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру