Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облыстық ПД-де алдағы кезеңге міндеттер қойылды

Қостанай облысы Полиция департаментінде аппарат қызметтері мен ПД аумақтық бөлімшелері басшыларының қатысуымен кеңейтілген жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында 2021 жылғы жұмыс қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге міндеттер қойылды.

Облыстық ПД бастығының міндетін атқарушы Қайрат Дүйсембеков 23 желтоқсанда ҚР ІІМ алқасында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев атап өткен полиция жұмысының негізгі талаптары мен басым бағыттарын жеке құрамға жеткізді.

Осы жылы полиция жұмысының сервистік моделіне көшуге және халықпен тиімді әріптестікті жолға қоюға, “полиция қадамдық қолжетімділікте”, “құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік” және “халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидаттарын іске асыруға, құқық бұзушылықтардың, әсіресе,  отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы бұзушылықтардың алдын алуға, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жасауға, заманауи технологиялар мен цифрлық құралдарды енгізуге, ІІО қызметінің айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

– Қабылданып жатқан алдын алу шараларының арқасында адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау, ұрлық, мал ұрлығы мен бұзақылықтың тіркелуі төмендеді. Жалпы, Қостанай облысының аумағында қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу 11,4%-ға түскені байқалады, – деп атап өтті Қайрат Дүйсембеков.

Қоғамдық орындарда қылмыстың 4,5%-ға, соның ішінде көшедегі қылмыстың 2,2%-ға азаюына қол жеткізілді.

Есірткі қылмыстарын анықтау бойынша көрсеткіштер жақсарды. Ағымдағы жылы мамандандырылған бөлімшемен Қостанай облысына есірткінің ірі партияларын жеткізумен айналысатын екі қылмыстық топ жойылды. Заңсыз айналымнан бір келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

Сонымен қатар, профилактикалық бағыттағы жарияланымдардың, жадынамалардың, ақпараттық хабарлардың барлық жерде орналастырылуына қарамастан, интернет алаяқтары құрбандарының саны бұрынғыша артуда. Ағымдағы жылы мұндай қылмыстардың саны 45%-ға өсті.

Полиция жұмысының сервистік моделіне көшу және “полиция қадамдық қолжетімділікте” қағидатын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы Меңдіқара және Қарасу аудандарында бір учаскелік полиция пунктінен, сондай-ақ Тобыл қаласында модульдік үлгідегі бір стационарлық бекет ашылды.

Учаскелік полиция инспекторлары жұмысының тиімділігін, олардың халық үшін қолжетімділігін арттыру, алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында 26 бірлік автокөлік сатып алынды.

“ІІО қызметтік үй-жайларында жаппай бейнебақылау” жобасын іске асыру шеңберінде барлық қалалық басқармалар мен аудандық бөлімдерде 1 444 бейнебақылау камерасы орнатылды.

Биыл Қостанай қалалық ПБ ЖБО-да 2353 бейнебақылау камерасы, Рудный қалалық ПБ ЖБО-да 347 бейнебақылау камерасы шығарылды. Жітіқара қаласында қоғамдық орындарында “SOS” полицияны шұғыл шақыру түймесі орнатылды. Бұл жұмыс алдағы жылы облыстың басқа өңірлерінде жалғасатын болады.

Кеңес қорытындысы бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметіне баға берілді, 2022 жылы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені белгіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру