Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полициясында 11 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылау бойынша жиын өтті

Шымкент қаласының ПД-де есептік мерзімде атқарылған жұмыстарды қорытындылау бойынша жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 желтоқсан күні Шымкент қаласының Полиция департаментінде 2021 жылдың 11 айында және Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша атқарылған жұмыстарды талқылау бойынша онлайн-форматта жиын өтті.

Атап өтсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы негізіндегі Ішкі істер
министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында Шымкент қаласында “полицияның сервистік моделін” енгізу қала әкімінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Бұл жобаны жүзеге асыру бойынша ведомстволық топ бекітілді. Онда жергілікті әкімдік өкілі, полиция, прокуратура, денсаулық, білім беру, әлеуметтік қорғау салалары және қоғамдық кеңес өкілдері бар. “Жұртқа жақын полиция” қағидатын орындау мақсатында қала халқын аудандық полиция басқармасына емес, 68 учаскелік полиция пунктерінде қабылдап, мәселелерін шешу қарастырылған. Бекітілген аумаққа учаскелік және ювеналды полиция инспекторлары, жедел уәкілдер, патрульдік полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан жасақтары мен екі қызметтік автокөлік бөлінген. Бұл оқиға орнына тез жетіп, уақтылы көмек көрсетуге мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар, қызмет көрсету аймағының сызбасы мен учаскелік полиция инспекторларының аты-жөні мен ұялы телефон нөмірі көрсетілген тақтайшалар ілініп, халыққа барынша ыңғайлы және қолжетімді болуы қарастырылған.

Азаматтарды қабылдау және оларға қолайлы жағдай жасау мақсатында Полиция департаментінде және аудандық Полиция басқармаларының жанынан фронт-офистер ашылып, жыл басынан бері осында жүгінген 2000-ға жуық азаматтардың өтініштері бойынша заңды шешімдер қабылданды.

Қазіргі таңда мегаполисте сегіз модульдік полиция бекеті іске қосылған. Жоспарға сәйкес қала әкімдігінің қолдауымен 2022 жылға 100 модульдік полиция пунктін салу қарастырылып отыр.
Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 152 мектепке бейнебақылау камералары орнатылды, оларды департаменттің Жедел басқару орталығына шығару жұмыстары білім басқармасымен бірге атқарылуда. Ал SOS дабыл нүктесі барлық мектептерге, 76 балабақшаға және жеті колледжге орнатылып, Жедел басқару орталығына қосылды.

Ағымдағы жылдың 11 ай қорытындысымен ұрлық қылмыстарының саны өткен жылмен салыстырғанда 11,7 пайызға, мал ұрлығы 12,7 пайызға төмендеген.

Жыл басынан бері есірткіге қатысты 363 құқық бұзушылық анықталып, заңсыз айналымнан жалпы 39 келі 662 грамм есірткі заттары тәркіленген. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізудің нәтижесінде есірткі құралдары насихатталған 49 интернет сайттар анықталып, бұғатталды.

Қоғамдық орындарға 1500 бейнебақылау камерасы, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 1677 автоматтандырылған камералар орнатылды, осылайша біз қала аумағының 70% камералармен қамтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру