Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының бас полицейі қайтыс болған әріптестерінің отбасыларына көңіл айтты

Алматының бас полицейі қайтыс болған әріптестерінің отбасыларына көңіл айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов лаңкестердің қолынан қаза тапқан полиция сержанты Ален Асылханов, полиция старшинасы Ринат Қамбетов пен полиция кіші сержанты Нұрболсын Алмасовтың отбасына барып қайтты. Олар Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратына және стратегиялық маңызы бар нысанға жасалған шабуылды тойтару кезінде алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

– Лаңкестермен күресте қаза тапқан әріптестеріміздің туыстарымен бірге қайғырамыз. Олар азаматтардың қауіпсіздігі үшін жанын қиған нағыз батырлар. Нұрболсын Алмасов, Ринат Қамбетов және Ален Асылхановтың ерлігі, Отан алдындағы жанқиярлық қызметі бізге де, болашақ ұрпаққа да жарқын үлгі болмақ. Мәңгілік естелік, – деді Қанат Таймерденов.

  • полиция сержанты Асылханов Ален Мұхитұлы, 1993 жылы туған, ішкі істер органдарында 2015 жылдан бері қызмет еткен, үйленген, бір жасар ұлды тәрбиелеп отырған;
  • полицияның кіші сержанты Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы, 1994 жылы туған, ішкі істер органдарында 2021 жылдан бері қызмет еткен, бойдақ;
  • полиция старшинасы Қамбетов Ринат Талғатұлы, 1988 жылы туған, ішкі істер органдарында 2010 жылдан бері қызмет еткен, үйленген, екі ұл тәрбиелеп отырған.

Лаңкестік әрекеттердің жолын кесу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары мен стратегиялық нысандарына жасалған қарулы шабуылдарды тойтару нәтижесінде барлығы Алматы полициясының үш қызметкері қаза тапты, тағы 176 сақшы жарақат алды, оның сегізінің жағдайы ауыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру