Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді

Петропавлда сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандарды түзеу және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі міндетті пробация қызметі көрсетеді, атап айтқанда медициналық көмек, құқықтық көмек алуда, еңбек етуде, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін біржолғы жәрдемақы алуға көмек көрсетуде.

Денсаулық деңгейінің және еңбекпен қамтылу жағдайының, тұрғылықты жерінің және өзге де мәліметтердің болуы, сондай-ақ сотталған адам тарапынан қайта қылмыс жасауға жол бермеу нәтижесі бойынша Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімі өмірлік қиын жағдайға тап болған сотталғанға біржолғы жәрдемақы алудың жеке бағдарламасын жасады.

Петропавл қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ арқылы «К» есімді сотталғанға 10 АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы түрінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру