Жамбылдық полицейлер Алматы облысының тұрғынынан 3 келіге жуық марихуана тәркіледі
Жамбылдық полицейлер Алматы облысының тұрғынынан 3 келіге жуық марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Шу ауданының құмды аймағында жедел ақпаратты іске асыру барысында Алматы облысының 35 жастағы тұрғыны ұсталды.
Ұстау орнына жақын маңдағы аумақты тексеру кезінде жалпы салмағы 2 келі 790 гр «кептірілген марихуана» есірткі заты бар үш полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді.
Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
– Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша, аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.