Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында 35 заң бұзушылық анықталды

Қызылордада «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 35 заң бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес қала аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Іс-шара барысында қала аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекенжайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Іс-шара барысында барлығы 35 заң бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 3,4,5,7-бөлігімен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) Өзбекстан Республикасының 22 азаматына шара көрілді.

Сонымен бірге, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабының (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) – 11 дерегі, ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) бойынша бір ҚР азаматына айыппұл салынды.

Өзбекстан Республикасының бір азаматына Азаматтық процессуалдық кодексінің 382-бабы (Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР-ның заңнамасын бұзғаны үшін ҚР-ның шегінен тыс шығарып жіберу) елден алыстатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру