Елордалық полицияның барлық нысандары жаппай бейнебақылаумен жабдықталған
Елордалық полицияның барлық нысандары жаппай бейнебақылаумен жабдықталған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жаппай бейнебақылаумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің барлық қызметтік үй-жайлары мен уақытша ұстау изоляторына бірыңғай жазбаларды сақтау сервері бар бейнебақылау камералары орнатылып, тəулік бойы жұмыс істеп тұр.
Өзіндік қауіпсіздік басқармасының 8-702-127-98-18 сенім телефоны, сондай-ақ, ІІМ-нің «1402» бірыңғай сенім телефоны тəулік бойы жұмыс істейді.
Полиция қызметкерлері тарапынан жасалған құқыққа қайшы əрекет туралы келіп түскен əрбір арыз-шағым бойынша мұқия тексеріс жүргізу жəне сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеу үшін шара қабылданады.