Павлодар облысының полицейлері орман алқаптарын тексереді
Павлодар облысының полицейлері орман алқаптарын тексереді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Орман ұрлығының алдын алу мақсатында Ертіс ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері "Үрлітөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ қызметкерлерімен тұрақты негізде бірлескен рейдтер жүргізеді.
- Рейдтік іс-шаралардан басқа Ертіс өзенінің жайылмасына жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарымен жасыл желектерді заңсыз кесуге тыйым салу туралы түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері халыққа отын шығару кезінде қатысады, онда орманшылармен бірге кесу үшін бөлінген орындарды атап өтеді және іргелес аумақты қарап шығады, - деді брифингте Павлодар облысының Ертіс ауданы полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков.