Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда алаяқтық фактілері 9%-ға төмендеді

Павлодарда Оңтүстік полиция бөлімінің аумағында тіркелген алаяқтық фактілері 9%-ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінің аумағында тіркелген алаяқтық фактілері 9%-ға, оның ішінде ақпараттық технологиялар саласында жасалған алаяқтық 10%-ға төмендеді.

– Өткен 2021 жылы Оңтүстік полиция бөліміне 300-ден астам азамат оларға қатысты алаяқтық іс-әрекеттер бойынша жүгінді, әрбір факт тіркелді, тиісті іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізілді. Күдіктілер анықталды. Мысалы, полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен төрт азаматты ұстады, олармен 57 алаяқтық фактісі жасалды, – деді брифинг барысында Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінің бастығы Жеңіс Жансеркенов.

Тәртіп сақшысы осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындармен алаяқтардан қорғану шаралары туралы әңгімелер жүргізіп отыратынын, сонымен қатар хабарландыру тақтасында алаяқтық туралы ескертулер, WhatsApp чаттар арқылы жіберілетін «алаяқтардың құрбанына айналмау» туралы ескерту бейнероликтер әзірленгенін атап өтті. Профилактикалық әңгімелесулер халықпен жиындарда, оқушылар мен оқытушыларға арналған білім беру ұйымдарында жүргізіледі. Ескерту шаралары Instagram-да немесе zoom платформасында тікелей эфирлер түрінде де өткізіледі, онда тәртіп сақшылары алдаудың кең таралған тәсілдері туралы мысалдар келтіреді, зиянкестерді қалай тану керектігін және алаяқтардың құрбанына айналмау үшін бірінші кезектегі шаралар қабылдау керектігін хабарлайды.

– Егер бұрын алаяқтардың схемасы банктен деп қоңырау шалып, несие алуға әрекет туралы немесе сіздің туысқаныңыз апатқа ұшырап, ауруханаға түскені туралы хабарлаған болса, қазір басқа схема пайда болды. Бұл схема бойынша алаяқтар қала орталығында жайлы пәтерлерді өте қолайлы бағамен тапсыру туралы интернетте хабарландыру орналастырады. Азаматтар WhatsApp арқылы жалған пәтер иесімен хабарласып, банктік аударым арқылы жалдау ақысын төлейді. Бірақ ақша алаяқтардың шотына түскеннен кейін олар бірден қарым – қатынасты тоқтатады, – деді Жеңіс Жансеркенов.

Полиция мұндай санаттағы қылмыс жасаған адамдарды анықтау өте қиын екенін еске салады. Қаскүнемдер әлемнің кез келген нүктесінде, оның ішінде алыс емес жерлерде де болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру