Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жұмысқа кіргіземін»: Түркістан облысында бірнеше тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды

Түркістан облысында белгілі бір мекемеге жұмысқа кіргіземін деп бірнеше тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті екі тұрғын арызданып, алаяққа алданғанын жеткізді. Жәбірленуші ер азаматтардың айтуынша, сырттай таныстары Түркістан қаласының мекемелерінің біріне жұмысқа кіргізіп беремін деп уәде беріп, ақысына бірінен 1,6 млн теңгеге жуық ақша алса, екіншісінен 200 мың теңге алған. Арадан бір жылға жуық уақыт өткенмен, жәбірленушілер жұмысқа орналаспайды, не берген ақшасын ала алмайды. Осылайша алаяққа алданғанын түсінген тұрғындар полицейлерден көмек сұрайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген түркістандық тәртіп сақшылары осы жайтқа қатысы бар күдіктіні тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Бүгінде өз кінәсін мойындаған ер адамға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Осыған ұқсас алаяқтық қылмысы бойынша полицияға тағы бір тұрғын шағым түсіреді. Оның айтуынша, осындай сылтаумен алдаған күдікті ер адам одан 2 млн теңге ақша алған. Содан кейін ешқандай жұмысқа да кіргізбеген, ақшасын да қайтармаған.

Белгілі болғандай, күдікті ер адам өзі бұрын аталған мекемеде жұмыс істеп кеткен қызметкер болып шықты. Жәбірленушілерден алаяқтық жолмен алған ақшаларын өз қажеттілігіне жұмсағаны анықталды.

Аталған жайт ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру