«Тұрмыс» іс-шарасы: Шымкентте бір аптада 600-ден астам құқық бұзушылық тіркелді
Шымкентте бір аптада 600-ден астам құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы аумағында отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының полиция қызметкерлерімен 24-30 қаңтар аралығында «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында ІІО есебінде тұрған 5910 адам мекенжайы бойынша тексеріліп, профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Отбасында құқық бұзғаны үшін 1220 адам қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Ал 297 тұрғынның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді. Маскүнем санатымен – 2990, нашақор санатымен – 852, жайсыз отбасы санатымен – 395 адам есепке алынды.
Сондай-ақ барлығы 618 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылған. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша – 22, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) – 21 жайт тіркелген. Бұдан өзге ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуы) бойынша – 268, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша177, ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы (Қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша – 13, ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша – 102 тұлға анықталған.