Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полициясы әлеуметтік нысандардың терроризмге қарсы қорғалуы бойынша семинарлар өткізеді

Павлодар полициясы әлеуметтік нысандардың терроризмге қарсы қорғалуы бойынша семинарлар өткізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңнамаға сәйкес полиция облыс аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал 900-ге жуық объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Бұл объектілердің тізіміне адамдар көп жиналатын аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті-өндірістік объектілер, оның ішінде білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерінің көпшілігі кіреді.

– Тексеру кезінде полиция қызметкерлері объектілердің техникалық нығайтылуына ерекше көңіл бөледі, сондай-ақ персоналдың террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге ден қою жөніндегі білімі мен дағдыларын тексереді. Сонымен қатар, онлайн-семинарлар үнемі өткізіліп тұрады, онда қатысушыларға терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама және енгізілген толықтырулар мен өзгерістер түсіндіріледі. Оқыту жүргізіледі, онда террористік акт жасау қаупі кезіндегі іс-қимылдар мен шаралардың алгоритмі егжей-тегжейлі түсіндіріледі, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Тәртіп сақшысы өткен жылы және 2022 жылдың қаңтар айында өңірдің Полиция департаменті 8 мыңнан астам нысан иелерін, басшылары мен персоналды қамти отырып, 12 онлайн-семинар мен тренинг өткізгенін атап өтті.

Терроризмге қарсы қорғанысты қамтамасыз ету үшін осы объектілердің басшыларына Ішкі істер министрлігі әзірлеген құралдар жіберілді. Интернетті пайдаланушылар осы нұсқаулықтармен Қазақстан Республикасы ҰҚК және ІІМ ресми сайттарында таныса алады.

Василий Скляр қолданыстағы заңнама террористік тұрғыдан осал нысандарының иелерін, басшыларын осы салада қызметкерлерді оқыту үшін жеке ұйымдармен міндетті шарттар жасасуға міндеттемейтінін айтты. Мұндай объектілердің қызметкерлерінде терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша оқыту курстарынан өткені туралы бөгде ұйымдардың сертификатының болуы талап етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру