Қоғамдық бақылау комиссия мүшелері Павлодар қаласының тергеу изоляторында болды
Арнайы мекемелердегі қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мақстында Қоғамдық бақылау комиссия мүшелері Павлодар қаласының тергеу изоляторында болып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мұнда Наталья Ковлягина мен Алексей Журбин мекемеде қамауға алынған тергеудегі адамдармен кездесті. Жүздесу барысында олар қамаудағылардың мекемедегі ұстау шарттары мен тәртібімен танысты. Арнайы контингентпен әңгімелесіп, тергеудегілердің медико-санитарлық қаматамасыз етілуі жайында өтініштерін тыңдады. Осылайша олар өздерінің негізгі міндетін орындады.
Сондай-ақ, бұл ұйымның оқшауланғандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етілуіне қоғамдық мониторинг жасау үшін өтеусіз негізде құрылғанын түсіндірді.
– Мұндай кездесулер біздің мекемеде жиі болып тұрады. Бұл үшін біздің тарапымыздан барлық жағдай жасалады. Қоғамдық бақылау комиссия мүшелерін қызықтырған барлық сауалдырына жауап бердік, – деп түйіндеді мекеме басшысы Ардақ Имангалиев.