Сарыағашта мас халде көлік басқарған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты
Сарыағашта мас халде көлік басқарған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері күнделікті жұмыстарын жүргізу барысында түнгі сағат 01:30 шамасында жол ережелерін бұзып келе жатқан Nexia автокөлігін байқап, тоқтатты. Оны тексеру кезінде полицейлер жүргізушінің мас күйіне күдіктеніп, медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысы бойынша жүргізушінің мас екені анықталды.
Полиция қызметкерлері аталған жайты ҚР ӘҚБтК 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша тіркеді.
Осылайша, полиция қызметкерлері аталған жайтқа байланысты іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау мақсатында Сарыағаш аудандық сотына жолдады. Сот жүргізушіні ҚР ӘҚБтК 608-бабына сәйкес кінәлі деп танып, көлік иесін жеті жылға автокөлік басқару құқығынан айырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға үкім етті.