Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда есептегі сотталғандар арасында футболдан жарыс өтті

Нұр-Сұлтанда есептегі сотталғандар арасында футболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметінің алдында бірқатар міндеттер тұр. Солардың бірі – қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталған тұлғаларды бақылап, тексеріп ғана қоймай, олардың еркін өмірге бейімделуіне, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу. Сонымен қатар, есепте тұрған сотталған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуден бастап, оларды түзу жолға бағыттау мақсатында үнемі профилактикалық сұхбаттар жүргізіледі.

Сотталған азаматтардың ендігі алар тәрбиесі мен тәртібі пробация қызметінің мойнында. Осылайша, пробация қызметі байқаусызда сүрінген жандар болса, олдарды темір торға қамамай, қайта тәрбиеленуіне мүмкіндік беріп, әлеуметтік мәселелері болса шешуге ықпал жасайды. Сол сотталғанның қоғамның толыққанды мүшесі болып қайта қосылуы үшін бірқатар жұмыстар атқарылады.

Атап айтатын болсақ, Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының пробация қызметімен де осы бағытта үнемі жұмыстар атқарылады. Осы жылдың қаңтар айында Сарыарқа ауданымен есепте тұрған сотталғандар арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыста барлығы 3 команда бақтарын сынады.

Жарыс соңында сайысқа қатысқан командалар марапаталып, Сарыарқа ауданының ПҚ атынан алғыс білдірілді.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру