Маңғыстаулық ақсақал ҚАЖД мекемелеріне 50 кітап тапсырды
Маңғыстаулық ақсақал ҚАЖД мекемелеріне 50 кітап тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақсақал Тоқтарбай Балықбайұлы шын мәнінде адамның ең жақын досы кітап екенін және олардың өмір жолына қалай көмектескені туралы айтып берді.
Тоқтарбай ата теледидардан Маңғыстау облысының пробация қызметінің кітап жинауды ұйымдастырғанын және оларды облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелеріне тапсырғанын көріп, өзінің оқыған кітаптарын беріп, көмектесуге шешім қабылдады. Сонымен бірге, ата олардың әрқайсысы туралы нақты әңгіме айтып берді.
Пробация қызметінің аға инспекторы Ғабит Чутабеков пен ақсақал арасындағы әңгіме туралы жеке кітап жазуға болады. Әңгіме тек оқыған кітаптар туралы ғана емес, сонымен қатар қазақ даласының түрлі жазушылары, ақындары мен ғылыми қайраткерлерінің өмірі, әлемдік классика, қазақ батырлары мен Маңғыстау облысының тарихы туралы болды.
Ақсақал кітап – байлық, ал байлықпен бөлісу керек екенін атап өтті. Ол кітаптардың бірін Ғабит Чутабековке беріп, оны оқығаннан кейін талқылауға келуін тапсырды.
Тоқтарбай ата облыс мекемелеріне 50 кітап тапсырды.Пробация қызметкері Тоқтарбай атаға алғыс айтып, «Ұлы дала әдебиеті» кітабын сыйға тартты.