Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны дүкенге ұрлыққа түсті

Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны дүкенге ұрлыққа түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 ақпанда Қарғалы ауданының Ащылысай ауылында түнде ұрлық жасалды. Дүкен иесінің айтуынша, қаскүнем дүкеннің арт жағынан кіріп, кассадан 20 мың теңге және сөреден бірнеше бөтелке арақ, сыра, шұжық пен 19 қорап темекі ұрлап кеткен. Шығын шамамен 100 мың теңгені құрады.

Учаскелік полиция инспекторы жедел іс-шараларды өткізу барысында Бадамша ауылының 28 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұрланған заттар толығымен тәркіленді.

ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.

Ер адам екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру