Қызылорда облысының полициясына 2 мыңнан астам қоңырау келіп түсті
Жыл басынан Қызылорда облысының Полиция департаментіне азаматтардан 2 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының «102» арнасына 2 мыңнан астам қоңырау келіп түсіп, олар бойынша қызмет көрсетілді.
Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен 16 қылмыс ашылды.
Бейнебақылаушылар азаматтардан келіп түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу барысында аймақтағы ахуалды қадағалап, құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау және алдын алу бағытында қызмет атқарады.
– Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 1500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 700-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталды, – дейді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.