БҚО-да наркокурьер қыз ұсталды
Полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар препараттарды сатушының ізіне түсті. Тәркіленген заттардың мөлшері аса іріге жатады. Тергеу БҚО аумағына синтетикалық есірткілерді жеткізу арналарын анықтап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Есірткіні заңсыз тарату фактісі бойынша 19 жастағы азаматша ұсталды. Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде жалпы салмағы 4,37 грамм алты пакетке және жалпы салмағы 26,92 грамм 40 пакетке салынған заттар табылды. Сарапшының қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар синтетикалық есірткі мефедрон болып табылады, мөлшері аса ірі ретінде айқындалған, – деді полицияда.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі (Есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.