Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде рақымшылыққа іліккен 12 сотталғанмен "Қақпа алдында кездесу" ұйымдастырылды

Ақтөбеде рақымшылықпен бостандыққа шыққан 12 сотталғанмен "Қақпа алдында кездесу" ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы" Заңының қолданылуына байланысты, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2 мекемесі рақымшылыққа іліккен жазасын өтеушілер үшін "Қақпа алдында кездесу" жобасын ұйымдастырды. Кездесуге Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің қызметкерлері және қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары қатысты.

Аталған іс-шарада бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға тұрмыстық жағдайы бойынша әлеуметтік-құқықтық көмектер ұсынылып, әлеуметтік және моральдық қолдау көрсету бойынша бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар, пробация есебіне алынған азаматтарды толық тануға арналған сұхбаттасулар жүргізіліп, жұмыспен қамту бөлімінің мамандары қамаудан босағандарға бос жұмыс орындарының тізімін ұсынып, барынша көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

- Жалпы, "Қақпа алдында кездесу" жобасының мақсаты - сотталғандарды әлеуметтік және қоғамға бейімдей отырып, қылмыстың қайталануының алдын алу болып табылады, - дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру