Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде студентті тонап кеткен жігіт ұсталды

Ақтөбеде студентті тонап кеткен жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кешкі уақытта банк ғимаратының жанында 17 жастағы студентті тонап кетті. Белгісіз жас жігіт оны жолын кесіп, физикалық күш көрсетіп, барлық құнды заттарын беруін талап етті. Жәбірленушіден OРРО A52 ұялы телефоны және 30 мың теңгесі бар әмиянын тартып алған.

Жәбірленуші дереу жақын маңдағы полиция бөліміне тонау туралы өтінішпен жүгінді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 20 жастағы күдіктіні ұстады. Ол әрекетін мойындады, смартфонды иемденгеннен кейін оны ломбардқа тапсырып, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

ҚР ҚК 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру