Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ қорытындысы: Шымкентте 8,5 мың құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысында 8,5 мың құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қаңтардан бастап қала аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Оның мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау және қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу.

Іс-шара аясында жалпы 8 570 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда: ұсақ бұзақылық бойынша – 2 605, қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішкен – 1 230 азамат анықталған. ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру бойынша – 3 682, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған – 617, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін – 308 тұлғаға хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, көлік құралын алкогольдік мас күйде басқарғаны үшін патрульдік полиция полкімен 124 жайт анықталған.

Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру