Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 7 мылтық пен оқ-дәрілер жасырылған орын табылды

Алматыда жеті мылтық пен оқ-дәрілер жасырылған орын табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасырылған орын қаланың Алатау ауданындағы 13-ші ықшам ауданынан анықталды. Ол тұрғын үйлердің бірінің ауласынан табылды.

– Жедел-тергеу тобы 12 калибрлі 7 тегіс ұңғылы мылтық, пышақтар, 200-ден астам патрон, сондай-ақ оптикалық көздеуіштерді тәркіледі. Бұл қарудың 6 қаңтарға қараған түні қару-жарақ дүкенінен ұрланғаны анықталды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шараларымен қаруды жасырған орын авторларының жеке басы анықталуда, олар одан әрі жауапкершілікке тартылады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру