Глубокое ауданының тергеуші әйелдер әулеті
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz редакциясы қос иығына погон тағып, ерлермен қатар елі мен жерінің тыныштығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген арулар жайлы ақпарат ұсынбақ.
Еңбек әулеті – бұл балалар ата-аналарының істерін жалғастырып, олардың ізімен жүретін адамдар тізбегі. Өз мамандығын жан-тәнімен сүйетін отбасылардан осындай династиялар қалыптасып жатады. Осындай полиция династиясының жарқын көрінісі – тергеуші Русиндердің отбасы.
Династияның негізін қалаушы – тергеу бөлімшелерінде 17 жылдан астам уақыт жұмыс істеген Оксана Русина. Бүгінгі таңда қызметін оның қызы-полиция лейтенанты Яна Русина жалғастыруда, ол қазіреі уақытта Глубокое АПБ тергеу бөлімінде қызмет атқарады.
– Мен анамның жұмыс туралы, полициядағы қызмет туралы әңгімелерін тыңдап өстім. Бала кезімнен тәртіп сақшыларының оміріне деген шынайы қызығушылық болды. Жұмыстың қиындығы, өндірістегі көптеген қылмыстық істерге, тәуліктік кезекшіліктерге қарамастан, ол әрқашан маған сүйікті ана болуға уақыт табатын, – дейді Яна Русина.
Аға буынның үлгісінің арқасында Яна өзіне полицей жолын таңдады. 2018 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың құқықтану мамандығын бітіріп екі жыл жеке сот орындаушысының көмекшісі болып жұмыс істеп, 2020 жылдың қыркүйегінде анасының жолын қуып істер органдарына қызметке тұрды.
Тергеуші – бұл қызметкерлердің іс-әрекеттерін бағдарлайтын барлық жедел-тергеу тобының үйлестірушісі. Оның жұмысының нәтижесіндже сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, қылмыскердің кінәсі немесе айыпты еместігі дәлелденеді. Сондықтан мұнда жоғары кәсібилік, мінездің тұрақтылығы және салқынқандылық қажет. Бұндай ауыртпалықты көтеру әркімнің қолынан келе бермейді, себебі жұмыс барысында әртүрлі адамдармен кездесуге тура келеді, олардың арасында адам өлтіргендер мен зорланғандар, ұрылар да бар, алайда бұл құқық қорғау органының жас қызметкеріне сымбатты қыз болып қала отырып, өз қызметін шебер және адал атқаруға кедергі келтірмейді.
– Әрине, жұмыстан кеш қайтатын анамды үнемі күтуге тура келетін, жұмысы қиын болғандықтан бірге уақытты сирек өткізетінбіз. Осыған қарамастан мен анамның өмірін құқық қорғау органдарына арнағанын мақтан тұтамын және ойланбастан заңдылықты сақтау және азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында өз Отанымның игілігі үшін қызмет етуді шештім, – деді ол.