Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Шымкентте «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 наурыздан бастап Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен қала аумағында мал ұрлығының алдын алу мен ашуға бағытталған «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Жедел-профилактикалық шара барысында қала аумағындағы барлық базарларда, соның ішінде ұрланған мал сатылуы немесе сатып алынуы мүмкін орындарда шұғыл тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, ет өнімдерін алып сататын 132 дүкен, қалалық мал базары аумағына кіріп-шыққан жалпы 40 автокөлік тексерілген. Оның ішінде, малды тиісті құжатсыз тасымалдаған 5 жүргізуші анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы (Ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу) бойынша жауапқа тарту үшін қалалық ветеринария бөліміне құжаттар жолданған. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабымен (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) 35 тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру