Елордада ҚАЖ қызметкерлері жеке құрамның отбасымен танысуда
Елордада ҚАЖ қызметкерлері жеке құрамның отбасымен танысуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/10 мекемесінің басшылығының ұйымдастыруымен, кадр саясаты тобының қызметкері және тәрбие бөлімінің қызметкерлері бірлесе жеке құрам қызметкерлердің отбасыларымен танысу бойынша іс-шара өткізді
Сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысы бойынша жасақ бастығы Мақсат Нуртазин отбасы құндылығын бірінші орынға қоюмен қатар, қызметтерінде де жоғары жетістіктерге жетіп, жауапты қызметті тиянақты атқаратын, бес баланы тәрбиеліп отырған үлгілі әке, салмақты, сөзі мен ісі бір жерден шығатын білікті қызметкер.
Мекеме бастығының орынбасары Б.Амангельдиев өз сөзінде үлгілі қызметкерді тәрбиелеген ата-анаға алғысын білдірді.
Сұқбат барысында анасы ұлының мақтан тұтатының және әскерден келген уақытта құқық қорғау органының қызметкері болғысы келетіні мен қайсар мінезі туралы айтып өтті. Отбасы жылы лебізбен қарсы алып, ЕЦ-166/10 мекемесінің басшыларына алғысын білдірді.