Алматы облысында тергеу изоляторының қызметкерлері қайырымдылық шарасын өткізді
Көрісу күні Алматы облысының тергеу изоляторы қызметкерлері қайырымдылық іс шарасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 наурыз көрісу күніне орай Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/16 мекемесінің үшінші ауысым қызметкерлері қайырымдылық шарасын өткізді.
ҚАЖ қызметкерлері өәлеуметтік тұрғыдан жағдайы төмен және аз қамтылған көпбалалы отбасын қуантып, қажетті азық-түлік, тұрмыстық заттармен және киіммен қамтамасыз етті.
– Көрісу күні мейірімділікпен қамқорлық, бірлікпен келісім сынды мәңгілік құндылықтарды дәріптейтін мейрам ретінде тойлаған. Осыған орай Амал мерекесінде біз мейірімділік шуағы мен жүрек жылуын сыйлау дәстүрінен, яғни осы қайырымдылық шарасынан бастадық, – деп атап өтт өңірдің ҚАЖД бастығының орынбасары Жаныбек Қосжанов.