Жамбылдық полицейлер сегіз қару, граната және 400-ге жуық патрон тапты
Жамбылдық полицейлер сегіз қару, граната және 400-ге жуық патрон тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қарулардың орнын анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
28 наурыз бен 1 сәуір аралығында Жамбыл облысының аумағында сегіз қару, гранаталар, түтінді жарғыштар және 397 түрлі калибрлі патрондар табылып, тәркіленді. Олардың ішінде автомат, 6 тапанша, бір тегіс ұңғылы шолақ мылтық бар.
Мысалы, 29 наурызда Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен үйінде сақталған атыс қаруын өз еркімен берген Тараз қаласының 40 жастағы тұрғыны анықталды. Қару-жарақтың ішінде төрт макаров тапаншасы, MТ-ның 9 оқ жатары, 7,62 калибрлі 120 патрон және 12 калибрлі 11 патрон болды. Ер адам келу міндеттемесімен жіберілді.
Барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адамның, егер оның басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.