Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер 85 жастағы әжейге жаңа төлқұжат алуға көмектесті

Қызылордалық полицейлер 85 жастағы әжейге жаңа төлқұжат алуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

​ҚР ІІМ-нің полицейлерге қоятын басты талаптарының бірі – халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнату.

85 жастағы Дәмежан Рысмағанбетова төлқұжатының жарамдылық мерзімі өткенін айтып, көмек сұраған. Хабар алысымен полицейлер Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен бірлесіп әжейдің құжаттарын тез арада рәсімдеп берді.

Қызылордалық көші-қон полиция қызметкерлері кейуанамыздың үйіне барып, жаңа төлқұжатын табыс етті. Қазіргі таңда 85-ке келген Дәмежан Рысмағанбетова Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің тұрғыны, тыл ардагері, ұл-қыз өсіріп, одан немере-шөбере сүйіп отырған батыр ана.

Ешқайда бармай-ақ, қызмет алған Дәмежан апа мамандарға алғыс айтып, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ақ батасын берді.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының көші-қон бөлімінің қызметкерлері құжаттандыру жұмыстарына көбірек көңіл бөледі. Осыған орай арнайы мобильді топ құрылып, қала көлемінде қарт кісілер мен денсаулығы нашар азаматтардың құжаттануын қадағалау мақсатында жиі тексеріс жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру