Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-да үш айда атқарылған жұмыстары қорытыланды
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті мекемелерінде сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық және кадр саясат бөлімдері қызметкерлерінің осы жылғы бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстары қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жиында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бекболат Ескеев төрағалық етті.
Кездесуде департаменттің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы және кадр саясат тобының бас мамандары, ЖД-158/1, 2, 4, 5, 7 мекемелерінің бастықтарының орынбасарлары, мекеменің құзырлы бөлімдерінің инспекторлары қатысты.
Күн тәртібіндегі жұмыстар: ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының жалпы міндеттері, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас тәртібі, жұмыс режимі, саптық даярлық негіздері, жемқорлыққа қарсы күресу, сондай-ақ осы жылдың 9-25 сәуір аралығындағы ЖД-158/1, 5 мекемелерінің тәрбие жұмысын ұйымдастыру жағдайына инспекторлық тексеру жұмыстарының қорытындысын баяндау.
Бекболат Ескеев мекемеге келген жас қызметкерлерге олардың кәсіби қалыптасуына көмек көрсету, қамқорлыққа алынған жас маманның атқаратын лауазымы бойынша белсенді, еңбек сүйгіш, шығармашылыққа бейім, білікті маман ретінде қалыптасу процесін жеделдету, қамқорлыққа алынған жас маманды Қазақстан Республикасына жан-тәнімен берілу рухында, патриотизмге, тәртіптілікке, жауапкершілікке, бастамашылдыққа және жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу міндеттердің бірі екенін айтып өтті.
Сотталғандарға құқықтық көмек көрсету, оларды қайта тәрбиелеу және мерзімінен бұрын босатуға дайындау мақсатында қоғам өкілдерінен тұратын «Волонтер» пилоттық жобасын дайындау және жүзеге асыру деп ескертіп өтті.
Инспекторлық тексерумен орын алған кемшіліктерді жою жөнінде іс-шаралар қабылдау сынды міндеттемелер жүктелді және осы жылдың екінші тоқсан қорытындысы бойынша кемшіліктерге жол берген қызметкерлер тәртіптік жазаға тартылатындығы ескертілген.
Мекеме орынбасарлары мен бөлім бастықтарына сотталғандардың діни сауаттылығын арттыру мақсатындағы іс-шараларды қабылдау міндеттелді. Бұл ретте Дін істері басқармасының өкілдерін тарта отырып, диструктивті діни ағымдардың қателігін көрсететін арнайы материалдар айындау ұсынылды. Жиында мұнан өзге сотталғандарға қатысты марапаттау және жазалау шараларын қолдану кезінде заңдылықтың қатаң сақталуын қадағалау жүктелді.
Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс қызметінің имиджін көтеру мақсатында сотталғандармен жүргізілген барлық мәдени іс-шаралар БАҚ жариялануы керек десті жауаптылар.
Жиын қорытындысында қатысушыларға осы және өзге де сан алуан нақты міндеттемелер жүктелді. Барлық мекемелерде «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы іске асырылмақ. Сондай-ақ, пенитенциарлық пробацияға жататын сотталғандармен әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жұмыстары жандандырылады.