ШҚО-да 70-тен астам ҚАЖ қызметкері көтермеленді
ШҚО-да 70-тен астам ҚАЖ қызметкері көтермеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 77 жылдығын мерекелеу қарсаңында облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде салтанатты шара өтті.
Салтанатты жиында Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бейнеқұттықтауы көрсетіліп, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ерлікпен өткен дәуірдің даңқты дәстүрлерін қасиетті түрде сақтайтыны және арттыратыны, ел алдындағы борышын абыроймен атқаратыны айтылды.
ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Жанболат Қалетаев облыстың қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтады.
«Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілері әділет подполковнигі Қанат Зияновқа, әділет майоры Жасұлан Бәденовке, әділет капитаны Мерхат Ахметжановқа табыс етілді. Сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Ішкі істер органдарында 15 жылдан астам абыройлы қызмет атқарған ШҚО бойынша ҚАЖД қарасты ОВ-156/14 мекемесінің кадр саясаты жөніндегі аға инспекторы Рүстем Ыдырышевке арнайы атақ бір саты жоғары берілді.
Отан қорғаушылар күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің 70-тен астам қызметкері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, ҚР ҚАЖ Комитетінің бұйрықтарымен марапатталып, көтермеленді.
– Барлығымыз үшін 7 және 9 мамыр ерекше мағынаға толы – олар жеңістің қуанышы мен жеңілістің ашысын біріктіреді. Батырлар ерлігінің алдында басымызды иеміз, – дейді ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Жанболат Қалетаев.
Мерекелік шара соңында игі дәстүр бойынша талантты қызметкерлер патриоттық әндерімен мерекелік концерт ұйымдастырды.