ШҚО-да әйел күйеуінің ашынасын WhatsApp-та қорлағаны үшін жазалады
ШҚО-да әйел күйеуінің ашынасын WhatsApp-та қорлағаны үшін жазалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ғашығының әйеліне телефон арқылы хабарласып, әдепсіз тіл тигізгені үшін сотта жауапқа тартылды. Ол әдепсіз сөздермен тіл тигізіп, қорлағаны үшін 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа сотталды.
8 наурыз күніне қарсы қызғаныш негізінде ол сүйіктісінің әйеліне оның жұбайымен қарым-қатынас туралы айтпақ ниетімен қоңырау шалған, бірақ эмоцияларын ұстай алмай оны әдепсіз сөздермен қорлаған. Әйелі телефон тұтқасын қоя салған. Алайда өз бетінен қайтпаған әйел әрі қарай телефон шалуын тоқтатпаған. Жәбірленуші учаскелік инспекторды шақырып, аудио жазбаны сақтап, оны сотқа ұсынған.
Сот әйелді құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартқан. Ол пробация қызметіне есепке қойылып, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті әкімдікке жолданған. Күн сайын күніне төрт сағаттан аумақты тазалаумен айналысады.
Пробация қызметінің инспекторлары жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде күн сайын тазалайтын аумақ орны бойынша және тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізуде. Қазіргі уақытта сотталушы тарапынан бұзушылықтар анықталған жоқ. Қоғамдық жұмыстарды бұзбай орындап жатыр.